Салық төлеушілерді санатқа бөлу: Алғашқы нәтиже белгілі болды
![Салық төлеушілерді санатқа бөлу: Алғашқы нәтиже белгілі болды](https://www.inform.kz/radmin/news/2019/11/27/191127094321645e.jpg)
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық салық төлеушілердің қызметін тәуекел дәрежесінің төмен, орташа немесе жоғары санатына жатқызу арқылы санаттау енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.