Қарағанды облысы цифрлық технологияларды енгізуде үздік облыс деп танылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенаттың «Өңір» депутаттық тобы Қарағанды облысында көшпелі отырыс өткізді. Отырыс «Қарағанды облысындағы өнеркәсіп кәсіпорындарының өндіріс үдерістерін цифрландыру үлгісі» тақырыбымен өтті, деп хабарлайды Жоғары Палатаның баспасөз қызметі.