Балалар неге қар жеуге құмар – Педагог жауап берді
Қыс мезгілі келісімен балалардың таза ауадағы қызыққа толы белсенді ойыны басталады. Әсіресе коньки тебу бала ағзасы үшін өте пайдалы. Ал мұз үстіндегі құрғақ ауа тыныс алу жолдарын нығайтады. Осы орайда ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасының әдіскері Нұржан Набатова баланың қысқы ойыны мен серуенін қалай ұйымдастыруға болатынын айтып берді, деп хабарлайды Kazinform.