«Автобус бұзылып қалған»: Ақтөбе облысында 55 Өзбекстан азаматы мешітке орналасты
Ақтөбе облысында «Самара-Шымкент» республикалық маңызы бар автожолының 965 шақырымында «Ташкент-Казан» қатынасымен жүретін жолаушылар автобусы бұзылып қалды. Автобус ішінде 55 Өзбекстан азаматы болған, деп хабарлайды Kazinform Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.