Алматыға келесі аптада қалың қар түседі
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда 12 ақпан күні таңғы сағат 9.00-ден кешкі 21.00-ге дейін қалыңдығы 20 см-ге дейін қалың қар жауады деп күтілуде. Осыған байланысты Алматы әкімдігі қаланың коммуналдық қызметтері толық дайындыққа келтірілгенін хабарлады.