Су тасқыны: Батыс Қазақстан облысында 10 елді мекен қатынассыз қалды
ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында жолды су шайып кетуіне байланысты Қаратөбе, Теректі және Шыңғырлау ауданында 10 елді мекен көлік байланысынсыз қалды және облыстық маңызы бар 5 жол жабылды.