Павлодардағы Ұзынсу ауылын топан судан қорғау үшін республикалық жол бұзылды
ПАВЛОДАР. KAZINFORM –
Ертіс ауданының Ұзынсу ауылына қарғын су қауіп төндіруіне байланысты мамандар осындай шешім қабылдаған. Қазір Атамекен-Ертіс-Русская Поляна автожолының 194-236 км аралығында көліктің барлық түріне шектеу қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ компаниясы хабарлады.