Әлемге танымал Wanderlust басылымы Қазақстанды ең танымал туристік бағыттардың қатарына қосты
АСТАНА. KAZINFORM – Биыл беделді туристік басылымдарда Қазақстан туралы мақалалар жиі шығып жатқанын байқаймыз. Шетелдік туристер мен БАҚ тарапынан сұраныстың артуы еліміздегі туризмнің белсенді дамуымен, атап айтқанда, биыл күзде елімізде өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарымен байланысты.