Ақмола, Ақтөбе облыстарында тасқынның қауіпті кезеңі аяқталды — министрлік
АСТАНА. KAZINFORM — Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде елдегі су қоймаларындағы ахуалды баяндады.