Депутаттар су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеуді бақылауда ұстайды
АСТАНА. KAZINFORM - Мәжіліс депутаттары су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы жұмысын жалғастыруда. Соның ішінде жағдайы күрделі өңірлерге ерекше назар аударылады. Кейбір елдімекендерде су тартыла бастағанымен тұруға жарамсыз. Сондықтан тұрғындар үйлеріне қайта алмай отыр.Олармен кездесуде депутаттар тасқын салдарынан болған шығындарға берілетін өтемақы бойынша түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр.