Боқтау естіп, оқтау жеген: Агрессор әйелінен зәбір көрген еркектер
АСТАНА. KAZINFORM – Қазір қоғамда отбасылық зорлық-зомбылық мәселесі өткір тұр. «Сериалға» айналып бара жатқан Бишімбаевтың соты ерлі-зайыптылардың арасындағы қарым-қатынас жайлы әңгімеге тұздық бола түскені рас. Әйелдерін сабайтын еркектерді сабасына түсіру қажет-ақ. Ал әйелінен зәбір көріп жүрген ер адамның проблемасына үңілгендер бар ма?