Мағзұм Мырзағалиев Атыраудағы ҚМГ кәсіпорындарында су тасқынымен күрес жұмысының барысымен танысты
АТЫРАУ. KAZINFORM — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Атырау қаласында жұмыс сапарымен болып, ҚМГ-ның өндірістік кәсіпорындарындағы жағдаймен және су тасқынына қарсы іс-шаралардың барысымен танысты. Бұл жайында компанияның Telegram парақшасынан хабарланды.