Ақтөбе облысында су тасқыны ахуалы тұрақталды, қауіп сейілді — Асхат Шахаров
АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Қазіргі сәтте рекордтық көрсеткіште су қабылдаған су қоймаларындағы ағыс бәсеңдеді. Ақтөбе өңірінде су тасқыны ахуалы тұрақталды, қауіп сейілді деп айтуға толық негіз бар. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың бейнеүндеуінде осылай деді.