Иордания әуе кеңістігін уақытша жауып тастады
АСТАНА. KAZINFORM - Сенбі күні Иорданияның азаматтық авиация басқармасы аймақтағы шиеленістің күшеюіне байланысты барлық келетін, кететін және транзиттік ұшақтар үшін әуе кеңістігін уақытша жабу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.