Жапония халқының саны он үшінші жыл қатарынан азайып келеді
АСТАНА. KAZINFORM – 2023 жылдың қазан айында Жапония халқының саны 124,35 миллион адам болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 595 мың адамға аз. Бұған елдің Әкімшілік істер және коммуникациялар министрлігінің мәліметтері дәлел, деп жазады Anadolu.