Астанадан Батыс Қазақстан облысына гуманитарлық көмек жіберілді
АСТАНА. KAZINFORM – Астанадан су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 1 мың тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберілді. «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалынан Батыс Қазақстан облысына 20 тоннадан астам кезекті гуманитарлық көмек жөнелтілді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды.