Шымкентте «Өткенге құрмет — бүгінгі міндет» атты тазалық акциясы өтті
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы еліміздің барлық аймағында кең өріс алды. Бұл игілікті жұмыс Шымкентте де ауқымын кеңейте түсті. Бүгін таңертеңнен бастап қаладағы барлық ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлері, тұрғындар мен ерікті жастар, ардагерлер мен оқушылар бұл игілікті шараға белсенділікпен атсалысты.