Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
Zhambylnews.kz
Май
2024
1
2
3 4
5
6
7
8 9
10
11 12 13 14 15 16 17 18
19
20 21 22 23 24 25 26 27 28 29
30
31

Ертістегі балық қорының жағдайы көңіл көншітпей отыр

0

 Биыл балық ресурстарын молықтыру мақсатында жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының ұсынысымен Ертіс және Сілеті өзендерін, Торайғыр және Сабындыкөл көлдерін балықтандыру жоспарланған. Бұл мақсатқа өңір бюджетінен 100 млн теңге бөлініп отыр. Ертіс өзеніне су жылдағыдан көп босатылды. Мамандар жайылмалардың шамамен 70-80 пайызын су басатынын айтады. Бұл мол ырыздық балық шаруашылығына да оң әсерін […]

Сообщение Ертістегі балық қорының жағдайы көңіл көншітпей отыр появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

 Биыл балық ресурстарын молықтыру мақсатында жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының ұсынысымен Ертіс және Сілеті өзендерін, Торайғыр және Сабындыкөл көлдерін балықтандыру жоспарланған. Бұл мақсатқа өңір бюджетінен 100 млн теңге бөлініп отыр.

Ертіс өзеніне су жылдағыдан көп босатылды. Мамандар жайылмалардың шамамен 70-80 пайызын су басатынын айтады. Бұл мол ырыздық балық шаруашылығына да оң әсерін тигізіп отырғаны жасырын емес.

Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мәліметінше, облыста Ертіс өзені мен Қ. Сәтбаев атындағы су арнасынан бөлек, 217 су айдыны жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы мәртебесіне ие. Бүгінгі күні 67 су айдыны 40 пайдаланушыға бекітіліп берілген. Су айдындарының көбі Ақсу қаласы, Ақтоғай, Ертіс, Железин, Тереңкөл, Павлодар, Аққулы, Май аудандары аумағында орналасқанын атап өту қажет.

Су айдындарының сырын жақсы білетін кәнігі балықшылар кейінгі 4-5 жылда Ертісте балықтың азайып кеткеніне алаңдап отыр. Қармақтарын бұрынғыдай жиі қаппайтынына қапаланады. Негізі мәселе тек қарт Ертісте ғана емес, оған құятын шағын өзендерде де қалыптасып отыр. Бұл жағымсыз теңденцияның себебі неден болуы мүмкін?

Ғалымдардың пікіріне құлақ түрсек, балық ресурстары санының төмендеуі немесе өсуі – әр 5-7 жыл сайын қайталанып тұратын табиғи құбылыс. Балық ресурстарының көбеюін қамтамасыз ету үшін жыл сайын Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мамандарымен балықтандыру, су жануарларының жауын азайту шаралары жүргізіледі. Ал ғылыми ұйымдар су пайдаланушылардың бекітілген су айдындарын тексеріп, биологиялық негіздемелерді ұсынады. Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/106 бұйрығымен су жануарларының бағалы түрлерінің тізбесі айқындалған. Аталған тізбе бойынша Павлодар облысының су айдындарында жыл сайын балық аулау лимиттері бөлінетін 10-ға жуық түрі бар, олар — көксерке, сазан (тұқы), шортан, нәлім, алабұға, торта, мөнқе, аққайран, табан, оңғақ. Сондай-ақ, Ертіс өзенін еліміздің Қызыл кітабына енгізілген ақбалық пен сібір бекіресі және жыл бойы аулауға тыйым салынған сүйрік балығы мекендейді.

Нұржан Қазтай
Фото: Павлодар облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі

— Жыл сайын балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарлары шеңберінде жануарлар дүниесін пайдаланушылар балық ресурстарын молайту жөніндегі іс-шараларды өткізеді. Мысалы, өткен жылы 13 пайдаланушы 64 240 дана тұқы балығын жіберген. Бұдан бөлек, «Қазақстанның су жолдары» РМҚК-нің Павлодар филиалы мен «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ бірлесіп 129 083 дана тұқы шабағын Ертіске босатты. Қ. Сәтбаев атындағы канал филиалы су тораптарына 1 млн аса тұқы балығын жіберді. Осының барлығы судағы балық қорының балансын ұстап тұруға жеткілікті, — дейді Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Нұржан Қазтай.

Алайда өзен-көлдердегі балық қорын браконьерлерден қорғау іс-шараларына шын мәнінде көңіл толмайды. Су бойын толық бақылауға балық инспекциясы мамандарының әлеуеті тіпті жеткіліксіз. Ресми дерекке сүйенсек, Павлодар облысы бойынша балық инспекциясы бөлімінің штатында небәрі 9 мемлекеттік инспектор бар.

— Бір қызметкердің құзырына 2 ауданды бақылау кіреді. Бір ғана Ертіс өзенінің аумағы – 72 мың гектар, Сәтбаев каналы 14,5 мың гектарды құрайтынын ескерсек, аз құрамдағы бақылау мекемесі браконьерлердің жолын кесуге қауқарсыз екенін байқауға болар. Уәкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшелерді материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп, 2022-2023 жылдары екі дана JAC S5 автокөлігін, әкімшілік материалдарды толтыру үшін электрондық планшеттер, нысанды киімдердің толық жиынтығын, жұмысқа қажетті арнайы құралдар (оксиметр, эхолот, бинокль, бейнежетон) сатып әперді. Биыл материалдық-техникалық жағдайды жақсарту мақсатында моторлы қайықтар, қарда жүретін көліктер сатып алу жоспарда бар. Бірақ штат саны кеңеймесе, жұмыс нәтижесі соншалықты артады деу қиын, — дейді Н. Қазтай.

Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында облыста балық аулау ережелерін бұзу бойынша 45 факті анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылған. Ал өткен жылы мұндай 167 факті тіркеліп, оның 18-інде заңның өрескел бұзылғаны белгілі болды. Былтыр балықты заңсыз аулағандар жалпы сомасы 3,1 млн теңге айыппұл төлеген. Екі қылмыстық іс қозғалып, сот шешімімен үш азаматтың 3 жылға бас бостандығы шектелді. Қылмыстық статистикалық деректер құқық бұзушылардың саны соңғы 2 жылда азайғанын көрсеткен. Бұған азаматтардың балық аулау заңнамаларына бағына бастағаны және айыппұл мөлшерінің ұлғаюы әсер етті деп есептейді сала өкілдері.

Айтып өтейік, облыс аумағында былтыр шамамен 12 мыңнан астам суқұзғын саналған. Олар күніне ең азы 5,5 тонна балық жейді. Суқұзғындар да өзен-көлдердегі балық қорының азаюына айтарлықтай әсер етіп отырғаны байқалады.

Сообщение Ертістегі балық қорының жағдайы көңіл көншітпей отыр появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.





Губернаторы России
Москва

Собянин рассказал, как переразметка позволяет улучшить движение на дорогах Москвы





Москва

Более 40 тысяч семей в Москве и области получают ежемесячные выплаты из средств материнского капитала


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Сергей Собянин. Главное за день



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Игорь Бутман

Игорь Бутман рассказал подробности о Московском джазовом фестивале




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Росгвардейцы обеспечили безопасность болельщиков во время матча чемпионата России по регби

Сотрудники Росгвардии приняли участие в спортивном празднике МГО «Динамо» в Москве

Росгвардия приняла участие в спортивном празднике «Динамо» в Москве


ATP

Итальянский теннисист Синнер стал лучшей ракеткой мира в рейтинге ATP



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Владимир Путин

Владимир Путин сенсационно получил ключевое признание от Н А Т О.



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России