Добавить новость
103news.com
World News
Март
2018

Лавров: Мәскеу Лондон ультиматумына жауап бермейді

0
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресейдің Бас барлау басқармасының бұрынғы офицері Сергей Скрипальді улауға қатысы барын жоққа шығарды. Ол Ресей Ұлыбританияның Сергей Скрипальдің улануына қатысты сауалдарына Лондон Мәскеуге іс материалдарын бермейінше жауап қатпайтынын мәлімдеді.


Министрдің сөзінше, Ресей британ билігінен Скрипаль мен оның қызын улаған делінген затты сұраған, бірақ Лондон оны беруден бас тартқан. Лавров Мәскеу ол затты Скрипальдің қызы Юлияның Ресей азаматы болғандықтан сұратқанын айтады. "Лондон Ресейге ультиматум қоюдың орнына Химиялық қаруға тыйым салу туралы конвенция бойынша міндеттемесін орындауы тиіс" деп мәлімдеді Лавров.


Кеше Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй ел парламентінде тергеушілер Скрипаль мен оның қызы адамның жүйке жүйесін зақымдайтын, СССР кезінде жасалған затпен уланған деген қорытынды жасағанын мәлімдеген. Мэй осыған байланысты Ресей Ұлыбританияға қарсы әскери улайтын зат қолданған болуы мүмкін, я Мәскеу әскери өнімдерін қатаң қадағалай алмағандықтан олар үшінші тараптың қолына түскен болуы мүмкін екенін айтқан. Мэй Ресейге бұл заттың Ұлыбританияға қалай жеткенін түсіндіруге бір күн уақыт берген. Бұл мерзім аяқталған соң британ билігі Ресейге қатысты жауап шараларын жариялауы мүмкін.


Бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Тереза Мэйдің парламенттегі сөзін "цирктегі сайқымазақ" деп атаған.


2017 жылы қыркүйекте Ресей билігі елдегі химиялық қаруды түгел жойғанын мәлімдеген.


4 наурызда ГРУ-дың экс-офицері Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Ұлыбританияның Солсбери қаласында жүйке жүйесін зақымдайтын заттан уланып, ауыр халде ауруханаға түскен.


Жаһан жаңалықтары: Сергей Скрипальді улау (09.03.2018)










Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России