Биыл Қазақстанның 10 облысы су тасқынынан зардап шекті. Үкімет комиссиясы тасқыннан келген шығынды әлі есептеп біткен жоқ. Кәсіпкерлер мен ірі компаниялар зардап шеккенгерге көмек ретінде ақша аударып жатыр. Қазірге дейін 153 миллиард теңге жиналған. Үкімет резервінде 467 миллиард теңге бар. Бұл қаржы тасқын салдарын жоюға жете ме?
Биыл Қазақстанның 10 облысы су тасқынынан зардап шекті. Үкімет комиссиясы шығындарды есептеп жатыр. Кәсіпкерлер мен ірі компаниялар көмек ретінде аударған қаржы көлемі 153 миллиард теңгеге жуықтады. Үкімет резервінде 331 миллиард теңге бар. Бұл жете ме?
Қазақстан билігі "тасқыннан келген зардаптың бәрін өтейміз" деп уәде берді. Расымен бәрі өтеле ме? Үй, бүлінген мүлік, қора-қопсы, мал шығыны қалай есептелмек? Мейірім Бақытжан түсіндіріп береді.
Бишімбаев сотындағы жарыссөз кейінге шегерілді. Прокурор әуелде таққан айыбынан неге айнып қалды? // Шымкентте полиция қызметкері суицид жасар алдында бастығын кінәлап хат қалдырған. Іс қозғалған. Полиция департаменті өзге ақпаратты құпия деп отыр. // Қарағанды қаласында бұрынғы күйеуі әйелін балаларының көзінше пышақтап өлтірді деп айыпталды. Оның алдында ғана әйелдің шақыруымен келген полиция ештеңе істемей кеткен. // Астананың әкімшілік соты "Алға, Қазақстан!" оппозициялық партиясын құрушы бастамашыл топтың екі мүшесін 15 тәулікке қамады.
Тасқын су қиратқан Атырау облысы Құлсары қаласының тұрғындары әкімдікке күнде келеді. Олар үй шығынын өтеуді жеделдетуді, жаңа үй салуға бөлінетін үй ақшасын қолма-қол беруді сұрайды. Кейбірі ақшасы жоғын айтып, тамақ сұрайды.
Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).
103news.com — живые новости в прямом эфире!
В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.
Музыкальные новости