"Оккульттік ұйым" ісі бойынша сотталғандар шағымы қаралмады
- Сараптаманы қабылдады ғой әйтеуір, оқып шығар. Себебі ол сараптама тереңірек жасалған, бәлкім, қандай да бір қорытынды шығарар. Қазақстандық сараптама небәрі бес парақ көлеміндей ғана, ал ресейлік сараптама 118 парақты құрайды, - деді Азаттыққа Ткачев пен Әлиасқаровтың адвокаты Игорь Кирьянов.
Адвокат апелляциялық шағымында алғашқы сот инстанциясының үкімін жоюды және сотталушылардың іс-әрекетінде "қылмыстық құрам жоқ болғандықтан" қылмыстық істі тоқтатуды сұрайды. Шағымда Әлиасқаров пен Ткачевтің "ар-ұждан тұтқыны" екені, үкімнің көпе-көрінеу заңсыз екені және алғашқы сот инстанциясында кемшілік пен бір жаққа тарту болғаны айтылады.
Бүгінгі сотта сотталушылардың өздерін қатыстырған жоқ.
Оқыңыз: "Оккульттік ұйым" туралы істе полицей куәлік етті
Қарағандылық 28 жастағы Михаил Ткачев пен 66 жастағы Петропавл тұрғыны Уәли Әлиасқаров "СССР оккульттік ұйымы идеяларын таратты, осы ағымның кітаптарын оқып, жұртпен талқылау арқылы "алауыздық қоздырды" деп айыпталған.
