Добавить новость
103news.com
World News
Январь
2019

ИМ Магнитогорскідегі апатты мойнына алды

0
"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы Ресейдің Магнитогорск қаласында көпқабатты үйдегі 39 адамның өмірін қиған жарылысты мойнына алды. Экстремистік ұйымдардың интернеттегі қызметіне бақылау жасайтын SITE зерттеу тобы ИМ-нің Al-Naba интернет ресурсында "Магнитогорскідегі көпқабатты үйде және автобуста болған жарылысты мойнына алғанын" хабарлады.


31 желтоқсанда Магнитогорск қаласындағы он қабатты үйде жарылыс болып, бір подъезд толық қираған. Апаттан 39 адам қаза тапқан. Ресми органдар жарылысқа бөлмеге тараған газ себеп болған деп мәлімдеген.


ИМ мәлімдемесінен соң Ресей тергеу комитеті 18 қаңтарда тергеушілер жарылысқа газ шығуы себеп болуы әбден мүмкін деген болжамды әлі тексеріп жатқанын хабарлады.


1 қаңтарда тергеу комитеті билік жарылысқа себеп болуы мүмкін "барлық ықтимал факторды" тексеріп жатқанын, алайда оқиға орнынан бомба жарылғанына айғақтар табылмағанын мәлімдеген.


Бұған дейін екі медиаресурс өз дереккөздеріне сілтеме жасап, қираған үй орнында "жарылғыш зат сынықтары табылғанын" және "жарылыстың террорлық акт болуы мүмкін" екенін хабарлаған еді. Бірақ бұл ақпарат расталмаған. Ал 1 қаңтарда Магнитогорскіде жүк көлігі өртеніп, үш адам қаза тапқан. Ресми органдар өрт газ жарылысынан шығуы мүмкін екенін хабарлаған. 


Ресейде соңғы 25 жылда көпқабатты үйлерде адам қазасына ұшыратқан бірнеше жарылыс болған. Билік ол жарылыстарды Солтүстік Кавказдағы содырлардан көрген. Ресейде тұрмыста қолданылатын газ жарылысы да талай адамның өмірін қиған.


Ресейде "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына тыйым салынған.






Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России