Добавить новость
103news.com
World News
Май
2019

Құқық қорғаушы Ерлан Қалиев Алматы қалалық полиция департаментін сотқа берді

0
21 мамырда Алматы қаласының Алмалы аудандық №2 сотында құқық қорғаушы Ерлан Қалиевтің Алматы қалалық полиция департаменті мен оның баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбектің үстінен түсірген арызы бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті. Қалиев полиция департаменті мен Салтанат Әзірбек «ар-намысыма тиді, іскерлік беделіме нұқсан келтірді» деп арызданған. 


Сот отырысын судья Мұхтар Әміров жүргізді. Ашық сотқа Алматы қалалық полиция департаментінің заңгері, Ерлан Қалиев пен оның өкілі Маржан Аспандиярова және бір топ белсенді қатысты. 


Ерлан Қалиев талап арызында биыл 20 ақпанда Алматы әкімі Бауыржан Байбек қала тұрғындары алдында есеп берген күні таңертең белгісіз адамдар мен полиция қызметкерлері өзін полиция департаментіне мәжбүрлеп әкеліп, бірнеше сағат заңсыз ұстағанын айтқан. Ерлан Қалиевтің сөзінше, сол күні Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбектің «қаланың кейбір тұрғындары әкімнің есеп беру жиынын бұзбақшы болды. Қоғамдық тәртіпке нұқсан келтіргендіктен Қылмыстық кодекске сай ұсталды» деп хабар таратқаны шағымдануға негіз болған.


- Республика сарайының алдынан автобустан түскен сәтте күштеп әкетті. Әкімнің есебіне де, ешбір оқиғаға қатыспасам да ұстап отырды. Айып та тақпады. Алматы әкімінің есебінде шырық бұзады деуге де негіз жоқ. Өйткені мен Қазақстандағы адам құқықтары мен заңның сақталуы бойынша халықаралық бюрода жұмыс істейтін құқық қорғаушымын. Егер, сол күні әкімі есебі кезінде ұсталғандарға құқықтық тұрғыдан көмектесуім мүмкін еді. Сондықтан, полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек таратқан ақпарат мені қорлау деп есептеймін, - дейді ол.


Ерлан Қалиев осыған байланысты бастапқыда Салтанат Әзірбектің үстінен шағым түсірген. Алайда бірінші өткен алдын ала сот тыңдауы кезінде Салтанат Әзірбек өзі таратқан ақпараттың полиция демартаментімен келісілгенін айтқандықтан талап арызға қалалық полиция департаментін де қосқан. Бұл жолғы алдын ала сот тыңдауына Салтанат Әзірбек келмеді.


Сотқа қатысқан Алматы қалалық полиция департаментінің заңгері Салтанат Әзірбек таратқан ақпарат департамент басшылығымен келісілгенін растады. Бірақ ол «ақпаратта Ерлан Қалиевтің аты аталмағанын айтып, істі қарауды тоқтатуды» сұрады. Заңгер сот отырысынан кейін Азаттық тілшісіне қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.   


Сотқа Ерлан Қалиевтің өкілі ретінде қатысқан құқық қорғаушы Маржан Аспандиярованың айтуынша, Салтанат Әзірбек «қоғамдық тәртіпті бұзушылар туралы» ақпарат таратқан кезде Ерлан Қалиев Алматы қалалық полиция департаментінде отырған. Ол жайында бірнеше ақпарат құралы хабарлаған. Сондықтан «аты-жөні аталмаса да, жұртшылық арасында сол күні қоғамдық тәртіпті бұзғандардың қатарында Ерлан Қалиев те бар деген түсінік пайда болған».


Судья Мұхтар Әміров сот отырысын көпке созбай, Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз жетекшісі Салтанат Әзірбекті сотқа шақыру туралы шешім қабылдап, сот отырысын 30 мамырға қалдырды.


Биыл 20 ақпанда Алматы әкімі Бауыржан Байбек Респулика сарайында қала тұрғындарына есеп берген. Есеп беру жиынына кіре алмаған бір топ тұрғын сыртта тұрып арыз-шағымы мен наразылықтарын білдірген. Сол күні полиция бір топ белсендіні үйлерінен шығармай тұрғаны, кейбірін полиция департаментіне әкеткені туралы хабар тараған. Олардың арасында Ерлан Қалиев те болған.    


 






Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России