InternetCA-2019 форумы сөз бостандығы, цифрлық қауіпсіздік тақырыбын қозғамақ
Жиында ақпарат құралдарының 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауы мен одан кейінгі қоғамдағы рөлі де талқыланады.
Форумды MediaNet халықаралық журналистика орталығы ұйымдастырады. Шараға Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі және Конрад Аденауэр атындағы қор демеушілік етпек. Форумға Германия, Сингапур, Чехия, Ресей, Украина, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстаннан келген сарапшылар қатысады.
Он жыл ішінде форум 20 мемлекеттен 1700-ге жуық сарапшының, қоғамдық және халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер өкілдерінің, журналистер, блогерлер, ғалымдар, депутаттар, дипломаттар, елшілер және заңгерлердің басын қосты.
