Добавить новость
103news.com
World News
Май
2019

Шымкенттік он шақты ана тұрмысына шағынып, Нұр-Сұлтанға келді

0
21 мамырда Нұр-Сұлтандағы парламент сенатының алдына бірі көп балалы, бірі мүгедек бала бағып отырған онға тарта ана баспана мен кредит мәселесіне шағынып келді. Олар Шымкенттен "әкім уәдесіне тойғандарын, ешбір көмек болмаған соң" астанаға келгендерін айтады.  


Наразы аналар Нұр-Сұлтанға кеше келген. "Бұл қалада ешкіміміз жоқ" деген кейбір аналар мешітте түнеген. "Парламенттен біреу шығып, жауап бермейінші осында отыра береміз" дейді аналар.


Көп балалы ана, жол апатына түскеннен бері арбамен жүретін Нағима Өтенова 21 мың теңге жәрдемақыға ілінген. "Бірақ оны кредит өтеуі ретінде банк алып қойды" дейді ол.


- Төрт балам бар. Бірі мүгедек. Басымда кредитім бар. Жәрдемақы ретінде тиген 21 мың теңгені кредиттің өтеуі ретінде алып қойған. "Кредитімді төлеп берсін, жауып берсін" деп отырғаным жоқ, соны бір кестеге қойып берсе, мүмкіндігімше төлеймін. Шымкентте бармаған жеріміз қалмаған соң осында келіп отырмыз, - дейді ана.       


Таңғы 10.00-ге таяу жиналған аналарға парламенттен ешкім шыққан жоқ. Сенаттың баспасөз қызметі "жиын өтіп жатқанын, аяқталған соң әлдекім шығатынын" айтты. Азаттық тілшісі 13.00-ге таман сенаттан бірнеше министр мен мемлекеттік қызметкер шыққанын, бірақ олардың жиналып тұрған аналарға қайырылмастан кетіп қалғанын хабарлады.   


Сәлден соң Қазақстан әділет министрі Марат Бекетаев аналардың телефон нөмірін жазып алып, түстен кейін қабылдайтынын айтты.  


4 ақпанға қараған түні Нұр-Сұлтанда бір отбасының бес баласы мерт болғаннан кейін, Қазақстанның бірнеше қаласында аналар жаппай наразылық танытты. Жыл басында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атаулы көмек алу талаптарына сай отбасындағы балаларға 21 мың теңгеден беру туралы заңға қол қойды. Мұнан соң Қазақстанның бірнеше қаласында аналар жәрдемақы алуға құжат өткізу қиындығына шағынған.






Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России