"Полигонда кеткен есем бар". Семейлік Майра Әбенованың күресі
Миллиондаған адамды радиациямен улаған Семей ядролық сынақ полигоны 34 жыл бұрын 29 тамызда ресми түрде жабылды. Бірақ полигон аймағында тұратын халық әлі күнге дейін сынақтардың зардабын тартып келеді. Оларды қорғайтын заң бірнеше рет өзгеріп, көмек те қысқарған.
