Добавить новость
103news.com
World News
Июнь
2020
1 2 3 4 5 6 7
8
9
10
11
12 13 14 15 16
17
18
19 20 21 22 23 24 25
26
27 28 29 30

Шымкентте полиция 20-дан астам белсендіні ұстады, арасында Ерлан Балтабай да бар

0
6 маусымда күндіз Шымкентте полиция "митинг орны" ретінде белгіленген Ордабасы алаңын қоршап, алаңға бара жатқан жолда 15 шақты адамды ұстады. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, адамдар ешқандай ұран көтермеген. 


Ұсталғандар арасында кәсіподақ белсендісі Ерлан Балтабай да бар. Ол полиция қызметкері тұрғындардың бірін ұстап жатқан кезде араша түспек болған. Ұсталғандар Абай, Әл-Фараби аудандық ішкі істер бөлімшесіне әкетілген. 


Түскі сағат 12-ге таман полиция белсенді Мұрат Аштаев, Нұрлан Әбілдаев және тағы бірнеше адамды ұстап әкетті. Белсенділердің бірі "Шал, кет!", "Диктатураға орын жоқ!", "Жер сатылмасын" деген ұран көтерді. Полиция қызметкерлері "неге ұстап жатсыңдар?" деп айқайлаған аялдамада тұрған адамдарды да көлікке отырғызды. 


Оқиға орнында қолшатыр ұстаған белгісіз екі ер адам Азаттық тілшісінің жұмысына кедергі келтірді. Олар журналистің камерасын қолшатырмен жауып, полицияның адамдарды ұстау сәтін түсірткізбеуге тырысты. Бұған қоса, Шымкент қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде істейтін ер адам Азаттық тілшісінің әрекетін үздіксіз видеоға түсірумен болды. 


Сенбі, 6 маусымда Шымкенттен бөлек, Алматы мен Нұр-Сұлтанда да полиция "митинг орнында" адамдарды ұстаған. Азаттық тілшілері оқиға орнынан тікелей эфирде хабар таратып жатыр. 


Бұған дейін тіркелмеген "Демократиялық партия" және шетелде тұрып жатқан экс-банкир, оппозициялық саясаткер, билікті сынаушы Мұхтар Әблязов жақтастарын 6 маусымда митингіге шығуға шақырған болатын. 


Митингілер қарсаңында әр аймақта белсенділерге қысым күшейіп, ұстала бастаған. Бас прокуратура митингілердің заңсыз екенін айтып, жұртты наразылыққа шықпауға шақырған. 


Осыған дейін халықаралық ұйымдар Қазақстан билігі карантинді пайдаланып, адам құқығын шектеп жатыр деп мәлімдеген. 






Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России