Добавить новость
103news.com
World News
Июнь
2020
1 2 3 4 5 6 7
8
9
10
11
12 13 14 15 16
17
18
19 20 21 22 23 24 25
26
27 28 29 30

Ұсталғандарды босатуды талап еткен Бейбарыс Толымбеков пен Марсель Шашаевты полиция күштеп әкетті

0
6 маусымда кешке қарай Алматының Медеу аудандық ішкі істер басқармасының алдында белсенді Бейбарыс Толымбеков және Марсель Шашаевты полиция ұстады. Бұл туралы белсенді Әсия Төлесова хабарлады. 


Толымбеков пен Шашаев полиция ғимараты алдында сенбі күні күндіз қаладағы митинг орындарында ұсталғандарды босатуды талап еткен. Ұсталғандардың арасында болып, өзі кейінірек босатылған Әсия Төлесованың айтуынша, түс кезінде бөлімшеге шамамен 25 адам әкелінген. Кешке қарай олардың жартысы босатылған. 


Oyan, Qazaqstan қозғалысының Telegram-да жариялаған видеосында полициялардың белсенділерді жұлқып тартып, күшпен ішке кіргізгені көрінеді. Қозғалыс өкілдерінің хабарлауынша, полиция қызметкерлері олардың дауыс зорайтқыш құралын тартып алып, сындырған, киімдерін жыртқан. Бірнеше сағат бұрын Әсия Төлесованы да полицейлер бөлімшеден еш түсіндірместен күшпен шығарып жіберген. Белсенді полицейлерден ұсталу туралы хаттама беруін талап еткен, бірақ полицейлер құлақ аспаған.  


Азаттық тілшісі сенбі күні кешке Медеу аудандық ішкі істер басқармасына хабарласқан кезде Арман Нұрлығалиев деп аты-жөнін айтқан кезекші инспектор олардың ұсталғаны туралы ақпаратты білмейтінін айтып, кейінірек хабарласуды сұрады. Өзге сұрақтарға жауап беруден бас тартып, телефон тұтқасын қоя салды.


Сенбі күні Қазақстанның бірнеше қаласында полиция митинг орындарында және қаланың өзге аумақтарында шамамен жүзден астам адамды ұстаған. Нұр-Сұлтан, Алматы және өзге қалаларда полиция наразыларды ұстау кезінде дөрекі күш қолданды, халық көп жиналған жерлерге дезинфекциялайтын сұйықтық шашып, қорғаныш киімі жоқ адамдардың көзі ашыған, тұрғындар денсаулықтарына шағымданған. 


Ішкі істер министрлігі әзірге нақты қанша адамның ұсталғанын хабарламады. Министрліктің баспасөз қызметінің телефонына ешкім жауап бермеді. 




 






Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России