Ахмет Байтұрсыновтың "Қазақтың өкпесі" мақаласына талдау
Өткен жиырмасыншы ғасырдың бас кезі, қазақ даласында жаңа ой өрістің дамуымен, ұлттық сананың оянуына түрткі болған кезең. Сөзіме дәлел ретінде, надандықпен күрес жолында қызмет еткен Ахмет Байтұрсыновтың «Айқап» журналының кезекті санында жарияланған «Қазақтың өкпесі» атты мақаласын талқылаймын.
Мақаладан «Еңбексіз егін шықпайды, терлесең, терің тегін қалмайды», «Ата жолдасы – надандық», «Аллаңнан ойбайым тыныш», «үміті бар, талабы жоқ» сынды мақамды мақалдар мен мағыналы сөздер, мақаланың мәйегі болып, мазмұнын терең бойлауға, мағынасын әріден ашуға көмекші құрал болып отыр.
Ахметтің «Қазақтың өкпесі» мақаласы халықтың қазіргі өмірі үшін үкімет пен өткен – кеткенді кінәлап, өткенге өкпе артып ренішін білдіріп жүрген қазақ азаматтырының...

