Киевте украин ұлтшылдары көсемі, қарама-қайшы тұлға Степан Бандераны еске алды
![Киевте украин ұлтшылдары көсемі, қарама-қайшы тұлға Степан Бандераны еске алды](https://gdb.rferl.org/08ef0000-0a00-0242-eebd-08d9cd3e47c5_cx0_cy10_cw0_w800_h450.jpeg)
1 қаңтарда Киевте алау ұстаған жүздеген адам шеруге шығып, өткен ғасырдың орта шенінде өмір сүрген қарама-қайшы тұлға – украин ұлтшылдарының көсемі Степан Бандераның туған күнін атап өтті.
Бұл шара Ресей Украинамен шекарада әскери күшін еселеп жатқан шақта өтті. Кейбіреулер Ресейдің бұл әрекетін Украинаға басып кіруге дайындық деп бағалайды.
"Бүгін, майданда оккупанттармен, ал тылда "бесінші колоннаға" қарсы күрес жүріп жатқан кезде, біз Степан Бандераны құрметпен еске алып тұрмыз" деп мәлімдеді украиналық "Правый сектор" ұлтшылдар партиясының лидері Андрей Тарасенко.
Украиндардың көбі украин ұлтшылдары ұйымын (ОУН) басқарған Степан Бандераны қаһарман санайды. Осы ұйымның әскери қанаты — Украина көтерілісшілері армиясы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейінгі жылдары партизандық іс-әрекетпен айналысқан.
Украина көтерілісшілері армиясы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде совет билігіне қарсы күресіп, нацистер басқарған Германиямен байланыс орнатқаны үшін кейбіреулер Бандераны сатқын санайды. Бандера нацистермен де, совет әскерімен де соғысқан. Кейбір тарихшылар оны әу баста нацистермен одақтасып, еврейлер мен поляктарды өлтіруге қатысқан деп айыптайды.
Степан Бандераны 1959 жылы Мюнхенде (батыс Германия) совет билігі жұмсаған жендет өлтірген.