Добавить новость
103news.com
World News
Январь
2022

Азаптауды доғаруды талап еткен Макс Боқаевқа қоқан-лоқы жасалғаны хабарланды

0
14 қаңтарда Атырауда азаматтық белсенді Макс Боқаев  Қазақстан президентінен митингіден кейінгі азаптаулар мен қудалауды тоқтатуды талап етіп, пикетке шықты. Пикеттен кейін бірнеше сағаттан соң белсендінің үйіне белгісіз біреулер келіп, есігін тепкілеген. 


Белсенді бұл жөнінде Азаттыққа өзі хабарлады. Ол қолына «Тоқаев қудалауды тоқтат» деген плакат ұстап Атырау қаласындағы облыстық прокуратура алдында он минуттай тұрған. Прокуратурадан ешкім шығып ескерту айтпаған,  полиция да келмеген. Кейін кешкі сағат бестер шамасында белсендінің үйінің есігін біреулер келіп тепкілеп кеткен. 


– Мен мұны биліктің пикетке реакциясы деп білемін. Дәл осындай жағдай митингіден соң 6 қаңтардан 7 қаңтарға қараған түні де болған еді. Біреулер келіп есігімді тепкілеп кеткен. Ал бүгін келгендер есік көзін жауып, кімсіңдер десем «Алмастың ағасымын» деді. «Оны танымаймын» десем, есікті  тепкілейді. Көршілерім де айғай-шуға наразылық білдірді. Мен «полиция шақырамын» деген соң қашып кетті. Полиция шақырып арыз жаздым, кіреберістегі видеобақылауды пайдаланып, табуды сұрадым, - деді Макс Боқаев. 


Ол пикеттен соң прокуратураға арыз түсіріп, азаптауларды тексеруді талап еткенін айтады. Боқаев 13 қаңтарда  атыраулық Сергей Шутовтың митингіде басынан кешкендерін естіп, шыдай алмағанын айтты. 




– Шутовтың  жазғандарын оқыдым, әйелі де қоңырау шалды. Оны қорлаған, азаптаған, төрт аяқтап жүргізген. Бұл адам құқығын өрескел бұзу. Соны біліп шыдап отыра алмадым, - деді ол. 


2 қаңтарда Жаңаөзенде автокөліктерге арналған сұйытылған газ бағасының күрт қымбаттауына наразылық білдіріп, халық митингіге шыққан еді. Кейін оны Ақтау тұрғындары  қолдап, бірте-бірте наразылық бүкіл Қазақстанды қамтыған. 


Атырауда да жұрт 4 қаңтарда Жаңаөзенді қолдап, митингіге шыққан. Наразылық Атыраудың Мақат, Индер аудандарында да өткен. 5 қаңтарда Атырауда митинг кезінде бір адамға оқ тиіп көз жұмған, ал тағы бір адам жарақат алған. Құқық қорғау органдары жариялаған мәлімдемеде аймақта 497 адамның ұсталғаны айтылған. 


Қазақстанның өзге өңірлеріне тараған наразылықтар мен "тәртіпсіздіктерден кейін" билік бүкіл ел бойынша он мыңға жуық адам ұсталғанын хабарлаған. Бірақ әлі күнге дейін қанша адамның қаза болғаны белгісіз. Бастапқыда денсаулық сақтау министрлігі 164 адам опат болғанын айтқанмен кейінірек мәліметті жоққа шығарды. Құқық қорғаушылар Нұр-Сұлтанды қаза болғандар туралы ақпаратты жариялауға үндеген.




 






Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России