Добавить новость
103news.com
World News
Январь
2022

ҰҚШҰ әскерінің бір бөлігі Қазақстаннан кетті

0
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) миссиясының құрамында болған қырғыз және тәжік әскері Қазақстаннан кетті.


14 қаңтарда сонымен бірге белорус және армян әскери қызметкерлерінің елдеріне оралғаны белгілі болды. Беларусь, Тәжікстан және Армения әскерін өз елдеріне жеткізген кезде Ресей әуе-ғарыш күштері авиациясының ұшағы пайдаланылған. Қырғыз әскері өз әскери техникаларымен еліне жеткен.


13 қаңтарда Ресей қорғаныс министрлігі Қазақстаннан ҰҚШҰ әскері шығарыла бастағанын хабарлаған. Сол күні біріккен контингенттің негізін құраған Ресей әуе-десант әскері отанына оралған. Билік әскер он күн ішінде шығарылып бітеді деп айтқан.




ҰҚШҰ әскері Қазақстанға өткен аптада кіргізілген. Шамамен бір апта бұрын Қазақстан қалаларындағы наразылықтың соңы қақтығысқа ұласқан кезде президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қаңтарда елде төтенше жағдай жариялап, ұйымнан әскери көмек сұраған. Тоқаев қаңтар басындағы оқиғаны "мемлекеттік төңкеріс жасау талпынысы" деп атап, шабуылдың артында "халықаралық террористер тұр" деп айтқан, бірақ "шабуылдаушылардың" қай елден келгенін нақтыламаған.


Ресми мәлімет бойынша, Тоқаевтың өтінішімен елге барлығы 2030 солдат, 250 әскери техника кірген.


Жаңаөзенде сұйытылған газдың қымбаттауынан басталған наразылық кейін Қазақстанның өзге өңірлеріне тарап, соңы тәртіпсіздікке ұласқан. Наразылардың экономикалық талаптарына бірте-бірте саяси талаптар қосылды. Наразылар бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктен толық кетуін де талап етті.


Бейбіт демонстранттардың тәртіпсіздікке қатысы бар-жоғы әлі күнге дейін белгісіз. 7 қаңтардан бері қаза болғандар саны жарияланған жоқ. Ұсталғандар он мыңға жуықтады.


БҰҰ құқық қорғаушылары осы аптада Қазақстан билігін "халыққа қару қолдануды тоқтатуға" шақырған. Кей сарапшылар Қазақстандағы қаңтар оқиғасынан биліктің өз ішіндегі талас-тартыс белгілерін аңғарған.




 






Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России