Добавить новость
103news.com
World News
Январь
2022

"Маңғыстауда газдың негізсіз қымбаттауына" байланысты Энергетика вице-министрі ұсталды

0
Қаржылық мониторинг агенттігі Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаевтың ұсталғанын растады. 


"Маңғыстау облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі аумақтық департаментінің жедел-тергеу тобы Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаевты, электрондық сауда алаңдарының басшыларын және Маңғыстау облысындағы сұйытылған мұнай газының бағасын негізсіз көтеруге қатысы бар тұлғаларды ұстады" делінген агенттіктің сенбі күнгі хабарламасында.


Ақпаратқа қарағанда, Қарағаев сот қаулысымен екі айға қамалған. 


Вице-министрдің Маңғыстау облысында газдың негізсіз қымбаттауына байланысты ұсталғаны 14 қаңтарда хабарланған. 15 қаңтарда күндіз үкімет оның қызметінен босатылғанын айтты.


Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында 2 қаңтарда сұйытылған газдың қымбаттауына байланысты наразылық басталып, бірнеше күн ішінде Қазақстанның өзге өңірлеріне жайылған. Билік кейін газды арзандататынын айтқанмен наразылардың экономикалық талаптары саяси талаптарға ауысқан. 4-6 қаңтарда Қазақстанның көптеген өңірінде наразылықтың соңы қантөгіске ұласты. 




Бейбіт басталған митингтердің қалай тәртіпсіздікке ұласып кеткені, қару-жарақты кімдер иеленгені, күштік құрылымдармен кімдер атысқаны әлі күнге анық емес. Қақтығыстар барысында қарудан оқ атылды, адамдар қаза болды. Бірақ қанша адам мерт болғаны жайлы ресми ақпарат жоқ. 9 қаңтарда Телеграмдағы үкіметке жақын арна Қазақстанда қаңтар оқиғалары кезінде барлығы 164 адам қаза болған деп хабарлаған. Бірақ кейін денсаулық сақтау министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарып, "техникалық қате" деп атады. Оның алдында күш құрылымдарының 18 қызметкері және "қарулы топтың" 26 мүшесі опат болған деген хабар тараған. Кемінде екі бала өлген.


Жұмабай Қарағаев 2019 жылдың желтоқсан айынан бері Энергетика вице-министрі болған. 






Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России