Добавить новость
103news.com
World News
Февраль
2022

Жексенбі күні Пекинде Қысқы олимпиада салтанатты түрде аяқталды

0
Жексенбі күні Пекинде Қысқы олимпаданың жабылу салтанаты өтті. Бұл олимпиадада медальдің негізгі бөлігін Еуропа елдері, АҚШ, Канада, Ресей, Қытай, Жапония иеленді. Қазақстан спортшылары жүлдесіз қалды.


Пекин олимпиадасында жалпы команда есебі бойынша алғашқы үш орынды Норвегия (16 алтын, 8 күміс, 9 қола), Германия (12-10-5), Қытай (9-4-2) бөліп алды. 8 алтынмен АҚШ 4-орынға шықты.


Постсоветтік елдер ішінен Беларусь 2 күміс, Украина 1 күміс, Латвия мен Эстония бір-бір қоладан иеленді. Ресей олимпиада комитеті (допинг дауына байланысты Ресей спортшылары тусыз, әнұрансыз қатысты) медаль саны бойынша (32 жүлде) рекорд орнатты. Бұл ел 6 алтын, 12 күміс, 14 қоламен жалпы есепте 9-орын алды.


Қытай астанасы небәрі 14 жылда екі рет Жазғы және Қысқы олимпиада өткізген қала ретінде тарихта қалды.


2022 жылы болатын Қысқы олимпиаданы өткізгісі келетін қалалар арасындағы бәсекеде Алматы мен Пекин финалға шыққан еді. Алматы қаласы олимпиадаға қажеті спорт нысандарының 70 пайызы бар екенін, 2011 жылы Қысқы Азиада өткізгенін алға тартқан. Пекин төрт дауыс артық алып, 2015 жылы 31 шілдеде халықаралық олимпиада комитеті Қысқы олимпиаданы Пекинде өткізу жөнінде шешім қабылдаған.


Олимпиада ойыны 4 ақпанда коронвирус індетіне байланысты қатаң шектеулермен ашылған. Шетелден келген спортшыларды жергілікті халыққа жақындатпай, спорт жарыстары оқшау орында өткізілді.


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев олимпиаданың ашылу салтанатына қатысты. Бұл оның Қазақстандағы Қаңтар көтерілісінен кейін шетелге жасаған алғашқы сапары болатын. АҚШ және Ұлыбритания, Австралия және Канада Шыңжаңдағы қысымға байланысты Пекин Олимпиадасына дипломатиялық бойкот жариялаған. Бұл елдердің ресми тұлғалары Олимпиадаға барған жоқ. 2017 жылдан бері Шыңжаңда байырғы ұлт өкілдері – ұйғыр, қазақ, қырғыз және өзге түркі тілді мұсылмандардың қудалануы жайлы ақпарат жиілеген.


Келесі Қысқы олимпиада 2026 жылы Италияда өтеді.


 






Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России