Добавить новость
103news.com
World News
Февраль
2022

Шымкентте Қаңтар көтерілісіне байланысты қамалғандардың туыстары қала прокурорын сыртқа шақырды

0
21 ақпан күні Шымкенттегі қалалық прокуратураға барған бір топ адам қала прокуроры Ғабит Мұқановты сыртқа шақырып, қаңтар көтерілісіне байланысты қамалғандар ісіне негіз болған дәлелдерді көрсетуді, тағылған айыпты алып тастауды немесе әкімшілік айыпқа ауыстыруды талап етті.


Қала прокурорының қабылдауына кіре алмай, прокурордың сыртқа шығуын талап еткендердің бірі Гүлзина Нұрымбетова 30 жастағы ұлы Бахтияр Шалдыбаевтың кінәсі жоқ деп санайды. Ол Сарыағаш қаласынан Шымкентке жолаушыларды тасып, күнкөріп жүрген баласын күштеп мойындатқанын айтады.


- 5 қаңтарда қамалған балама түнде болған оқиғаға қатысы бар деп іс қозғаған. Баламды екі күн іздеп таппадым. Сөйтсем полицейлер ұрып-соғып, басына қап кигізіп, тапанша кезеп, митингіде өлді дейдімз деп жасамаған істі мойындатқан. Балам қазір түрмеде жатыр. Қала прокурорының алдынан өтейін деп келдім. Қабылдамаса бас прокуратураға барамын,- дейді Нұрымбетова.


Күдіктілердің туыстары шағым жазып берген соң, қала прокурорының сыртқа шығуын талап етті. Олардың айтуынша, қылмыстық іс негізсіз қозғалған. Дәлелдер әлі күнге көрсетілмеген. Қамалғандардың ішінде митингіге қатыспағандар да бар.


"Балам үйге шыққанымен, жанары сөніп қалған. "Жаппай тәртіпсіздік" бабымен іс тергеледі дейді. Бұл баппен келіспейміз" дейді күдікті Сәулет Мәуештің анасы Айгүл Тілеубергенова.


Шымкентте қаңтар көтерілісі 4-6 қаңтарда өтті. 4 қаңтарда наразылық бейбіт басталған. Куәлердің айтуынша, 5 қаңтар күні наразыларға оқ атылған.


Шымкентте қаңтар оқиғасына байланысты 87 адамның үстінен түрлі баппен қылмыстық іс қозғалған. 76 адам сот санкциясымен қамауға алынған. Бұған дейін 26-ының бұлтартпас шарасы қамаумен байланысты емес шара түрімен алмастырылып, тергеу изоляторынан босап шыққан. Осыған дейін қаңтар оқиғасына байланысты ұсталғандардың туыстары заңсыздықтарға шағымданған.


Шымкентте қаңтар көтерілісінде 19 адам қайтыс болды. Жараланған 120-дан аса адамның 73-іне оқ тигені анықталды.


2022 жылы қаңтардың басында газ бағасын 50 теңгеден асырмау туралы талаппен ереуілге шыққан Жаңаөзен тұрғындарын қолдау үшін Қазақстанның көптеген аймағында басталған акциялар біртіндеп саяси талап қойған наразылыққа ұласқан. Ресми мәлімет бойынша, 227 адам осы оқиғада қаза болған.


Осы оқиғадан кейін құқық қорғау органдары түрлі айыптармен азаматтарды ұстап, қамауды бастаған. Қамалғандарды азаптап, "қылмысын" күшпен мойындатып жатқаны жайлы хабар көбейген. Бас прокуратураның 16 ақпандағы мәліметіне қарағанда құқық қорғау органдарының әрекетіне байланысты 363 шағым түскен, азаптау және тергеудің заңсыз әдістері бойынша 178 қылмыстық іс ашылған.






Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России