Добавить новость
103news.com
World News
Февраль
2022

Берік Уәли: Қасым-Жомарт Тоқаевтың Швейцария банкі мен офшорда ақшасы, шетелде үйі жоқ

0
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Швейцария банкінде қаржысы жоқ. Оның шетел банктері мен офшор компанияларға да қатысы болмаған, шетелде жылжымайтын мүлкі де жоқ. Бұл ақпаратты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасына жазды.


Берік Уәлидің сөзінше, Тоқаевтың бұрынғы жұбайының да ешқашан қаржылық шоты болмаған. Ал Қасым-Жомарт Тоқаевтың 38 жастағы кәсіпкер ұлы Тимур Тоқаев "ешқашан мемлекеттік қызметте істемеген".


Тоқаевтың баспасөз хатшысы "Президент экономика мен саясаттағы монополияны шектеуге, реформаларды жүзеге асыруға күш салып келеді. Мемлекет басшысының осындай шешімдерін жақтамайтын адамдардың әдейі таратып жатқан фейк ақпараттық шабуылы деп ойлаймын" деп жазған.


20 ақпанда OCCRP Швейцарияның аса ірі Credit Suisse банкінен шығып кеткен ақпараттарға сүйене жасаған зерттеуін жариялаған еді.


48 БАҚ-тың журналистері бұл банк жемқорлыққа қатысы бар саясаткерлерге, тіпті қылмыскерлерге де шот ашқанын анықтаған.


Көптеген мәліметтердің ішінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың да аты аталған. Бұл ақпаратқа қарағанда, банктен Қасым-Жомарт Тоқаевтың әйелі шот ашқанда 14 жастағы ұлдары Тимур Женевадағы қымбат мектептердің бірінде оқып жүрген, 2005 жылы шотта 1,5 миллион Швейцария франкі (шамамен 1 миллион доллар) болған.


Vlast.kz сайтының жазуынша, "Офшор жұмысын реттейтін фирманың құжаттары, корпоративтік құжаттар мен жылжымайтын мүлік реестріндегі деректердің бәрі Тоқаевтар отбасының кейінгі жылдары да Қазақстаннан тысқары жерлерде қомақты байлық жинауды жалғастырғанын көрсетеді. 2012 жылы банктегі есепшот жабылғаннан кейін Тоқаевтар Швейцарияда жеке шоттары бар Британ Виргин аралдарында офшорлық компаниялар ашқан және 2014 жылы бір сәтте 5 миллион доллар активі болған Ұлыбританиядағы компанияны басқарып отырған. Бұған қоса Тоқаевтар отбасы Мәскеу мен Женевада құны кем дегенде 7,7 миллион доллар болатын мүлікті иеленген".


OCCRP зерттеуіне қарағанда, Тоқаевтар Женева мен оның маңайынан және Мәскеуден жылжымайтын қымбат мүліктер де сатып алған. Оның бәрі Тимур Тоқаевтың атына жазылған.


"Тоқаевтардың құпиясы Еуропамен ғана шектелмейді. Тоқаевтардың Credit Suisse-тегі есепшоты жабылғаннан кейін бір жыл өткенде, яғни 2012 жылы олар Британ Виргин аралдарында екі офшорлық компания құрды: Тоқаевтың бұрынғы әйеліне тиесілі Wishing Well Group Inc компаниясы және ұлы Тимурға тиесілі Wisdom Invest & Finance Inc компаниясы. Бұл фирмалардың жалғыз жария мәліметі – Ұлыбританиядағы Edelweiss Resources LLP компаниясына иелік етуі болған көрінеді. (Сонымен қатар, бұл деректер офшор компаниялардың әрқайсында швейцариялық банкте есепшоты болғанын көрсетеді).


Edelweiss тек қаржылық есепті қысқартылған нұсқада ұсынғандықтан, бұл компанияның қызметі туралы мәлімет аз. Бірақ компанияның 2014 жылы наурыздағы соңғы есеп беруі банкте 4 миллион доллар қолма-қол ақша мен сол жылы шамамен 1 миллион доллар инвестициясы болғанын көрсетеді" деп жазады Vlast.kz.


OCCRP зерттеуінше, 2014 жылдың жазында Тоқаевтар өз инвестициясын одан әрі жасыру үшін тағы бір қадам жасаған. Компанияларға қызмет көрсеткен Кипрдің тіркеу агенті Британ Виргин аралдарындағы кеңсесінен Тоқаевтардың меншік құқығын жасыру үшін номинал акционерлерге немесе сенімді тұлғаларға ауыстыруды сұраған. Сұраныс хат Пандора мұрағаттарына жіберілген электрондық поштамен келген. Сол кездегі Тоқаевтардың үш компаниясы да жабылған".


Тоқаевтың отбасы OCCRP-дің түсініктеме беру туралы хатына жауап бермеген.


"Credit Suisse құпиялары" – швейцариялық ең ірі Credit Suisse банкінің есепшоттары туралы мәліметтің сыртқа шығып кетуіне байланысты құрылған трансшекаралық журналистік зерттеу жобасы.


Жоғарыдағы деректерді аноним дереккөз немістің Süddeutsche Zeitung газетіне жеткізген, олар мұны OCCRP және басқа елдердегі 46 серіктес медиаға таратқан. Бес құрлықтағы журналистер банк файлдарын зерттеп, инсайдерлермен, тергеу органы қызметкерлерімен сөйлесіп, алынған қорытынды нәтижелерді сот жазбасы мен қаржылық есептер арқылы тексеріп шыққан. Сыртқа шығып кеткен ақпаратта 1940 жылдан бастап, 2010 жылдардың орта тұсына дейін ашылған 18 мың есепшот туралы деректер бар. Бұл есепшоттардағы жалпы қаржы көлемі жүз миллиард доллардан асады.






Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России