"Халқымды қырып жатыр". Ресейде тұратын украиналық отанын қорғауға аттанды
Луганскінің 26 жастағы тумасы Даниил (қауіпсіздігі үшін фамилиясы жарияланбады) кейінгі сегіз жылда Украинадан гөрі Ресейде көбірек болған. 24 ақпан күні Ресей Украинаға басып кіргенде інісі жергілікті қорғаныс тобына қосылды, ал Ресей азаматтығындағы анасы Владимир Путинді қолдап, ұлдарымен сөйлесуді қойды. Екі аптадан соң Даниил жиналып, Ресейден кетуге, Украина үшін соғысуға бел буды. Азаттықтың Татар-башқұрт қызметі Даниилмен сөйлесіп көрді.