"Вагнер" жалдамалылары Беларусь аумақтық қорғаныс қызметкерлерін жаттықтырады
Бұл ақпаратқа қарағанда, жалдамалылар қазір Могилев облысындағы әскери полигонда жүр.
"Вагнер" жалдамалыларының Беларусь жеріне келгенін бұл елдің қорғаныс министрлігі 11 шілдеде ресми түрде алғаш рет айтқан. Одан бір апта бұрын авторитар президент Александр Лукашенко "Вагнер" жалдамалыларыБеларусь қорғанысына атсалысатын болады деген еді.
"Олар белгілі бір шартпен орналастырылды. Ең басты шарт: егер мемлекет қорғанысы үшін керек бола қалса бірден іске кіріседі. Олардың тәжірибесі зор", – деді ол.
23-24 маусымдағы Пригожин бүлігінен кейін "Вагнер" жалдамалылары Беларусь жеріне жіберілген.
