Добавить новость
103news.com
World News
Декабрь
2024

Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза болған әзербайжандықтардың сүйегі Бакуға әкетілді

0
Ақтауда ұшақ апатынан қаза болған 24 әзербайжандықтың сүйегі сенбі күні кешке Бакуға әкетілді деп хабарлады Маңғыстау облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Олардың арасында экипаж мүшелері де бар.


Бұған дейін денелерді тану жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылған еді. Кейбіріне геномдық сараптама қажет болған. Бұған дейін Ресей өз азаматтарын алып кеткен. 


25 желтоқсанда Azerbaijan Airlines ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған. Борттағы 67 адамның 38-і қаза болған, 29 тірі қалған. Қаза болғандардың арасында алты қазақстандық бар. 


Борт Бакудан Грозныйға қарай ұшқан, бірақ Шешенстан астанасы және Ресейдің өзге қалалары да лайнерді қабылдамаған. Ақыры ұшақ Каспий арқылы Қазақстанның батысындағы Ақтау қаласына бағыт алған. 


Ақтауда ұшақ апатқа ұшырады. 


"Росавиация" бастапқыда "ұшаққа құстар соғылып, апат содан болуы мүмкін" деп хабарлаған еді. Авиация сарапшылары оған күмән келтірген. Батыс сарапшылары Әзербайжан билігіндегі дереккөздерге сүйене отырып, ұшақ апатына "құрлық-әуе" санатына кіретін ресейлік ракета түрті болуы мүмкін деп болжаған. Дереккөздің айтуынша, ракета Грозный әуесінде дронға қарсы режим күшінде болған кезде ұшырылған, снаряд ұшаққа жақын жерде жарылып, сынықтары салонға тиген.


Осы апта соңында  Росавиация Azerbaijan Airlines ұшағы 25 желтоқсанда таңертең Грозныйға қонбақ болған кезде қала төбесінде "кілем" режимі күшінде болғанын растап, барлық әуе кемелері қауіпті аймақтан кетуі тиіс болғанын жеткізді. Дегенмен ол ұшақтың ресейлік ракетадан зақымданғаны жөнінде болжамдарға пікір білдірмеді.


28 желтоқсанда Ресей президенті Владимир Путин Azerbaijan Airlines ұшағы апаты үшін Әзербайжан президенті Ильхам Әиевтен кешірім сұрады. 


Кремльдің  хабарламасында Путин Ресейдің әуе кеңістігінде болған “қайғылы оқиғаға байланысты” кешірім сұрап, қаза болғандардың отбасына көңіл айтқаны жазылған.






Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России