Добавить новость
103news.com
World News
Апрель
2025

БАҚ: Трампты баж енгізуді тоқтата тұруға қаржы мен сауда министрлері көндірген

0

АҚШ президенті Дональд Трамп жаңа сауда тарифтерін енгізуді тоқтата тұру туралы шешімін елдің қаржы министрлігі мен сауда министрлігінің басшыларымен кеңескеннен кейін қабылдаған. The Wall Street Journal басылымы дереккөздерге сүйеніп осылай деп хабарлады.

Басылым сөйлескен адамдардың айтуынша, АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент пен сауда министрлігінің басшысы Ховард Лютник президентке тариф саясатын жұмсартуға кеңес берген. Ал Трамптың сауда жөніндегі кеңесшісі Питер Наварро, керісінше, қатаңдатуды дұрыс санайды. Алайда, дереккөздердің мәліметінше, Наварро президент пен аталған екі министр арасындағы бұл әңгімеден хабарсыз болған.

Министрлермен әңгімелескеннен кейін Дональд Трамп Truth Social желісінде бірқатар тарифтерді енгізуді тоқтата тұратынын ресми түрде мәлімдеп пост жариялаған.

The Wall Street Journal жаңа баж тарифтері туралы 2 сәуірде жарияланған хабарлама қор нарығындағы құлдырауға себеп болғанын және Ақ үйде алаңдаушылық туғызғанын атап жазды.

Бессент пен Лютниктің өкілдері өз командалары америкалық жұмысшыларды қолдауға бағытталған Трамп бағдарламасын жүзеге асыру үшін белсенді түрде жұмыс істеп жатқанын айтты. Оған қоса, олар президентпен баж мәселесі туралы әңгіме болғаны жөніндегі ақпаратты шындыққа жанаспайды деп жоққа шығарды. Питер Наварро аты-жөні аталмаған дереккөздерді Трамп командасының ішіне іріткі салмақ болды деп айыптады.

Басылым Бессент пен Лютниктің одағы Трамптың тұсында Ақ үйдегі жағдай қаншалықты тез өзгеріп жатқанын көрсетеді деп жазды. Екеуі де сайлау мен инаугурация аралығындағы өтпелі кезеңде қаржы министрі лауазымына үміткер болған. Ақырында ол қызмет Бессентке бұйырған, үкімет тиімділігі департаментінің басшысы Илон Маск оған қарсы болған еді. Трамп Лютникті сауда министрі қызметіне тағайындаған.

2 сәуірде Трамп АҚШ-тың басты сауда серіктестерінің басым көпшілігіне 5 сәуірден бастап жаңа тарифтер енгізілетінін жариялады. Мысалы, Еуроодақ елдерінен келетін импортқа тариф 20%, Ұлыбританияға – 10%, ал кейбір елдерге 40% және одан да көп шамада енгізілетін болды.9 сәуірде президент 75-тен астам елге қатысты тарифтерді енгізуді 90 күн кейінге жылжытып, Қытайға салынатын баж салығын 145%-ға дейін ұлғайтты. Ал Қытай бұған қарымта ретінде АҚШ-тан келетін тауарларға 125% көлемінде жаңа импорт тарифтерін енгізетінін мәлімдеді. Еуроодақ америкалық өнімдерге 25% тариф енгізуді 90 күнге кейінге қалдырды.АҚШ әкімшілігі алдағы 90 күн ішінде 90 сауда келісімін жасасуға ниетті. Бұл – 75-тен астам елге қатысты тарифтердің кейінге қалдырылуымен тұспа-тұс келіп отыр.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России