Добавить новость
103news.com
World News
Май
2025

Румыния президентін сайлауда еуропашыл кандидат Никушор Дан озды

0

Жексенбі, 18 мамрда Румынияда президент сайлауында Бухарест қаласының мэрі Никушор Дан жеңіске жетті. Ол сайлаудың екінші кезеңінде оңшыл радикал және еуроскептик кандидат Джордже Симионнан озды.

Еуропашыл кандидат Никушор Данды дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 54 пайызға жуығы қолдады деп хабарлады Азаттықтың Румын қызметі. Ал оның бәсекелесі Симион шамамен 46 пайыз дауыс алған.

Жексенбі күні сайлауда жеңіске жеттім деп алдын ала жариялап үлгерген Симион кейін жеңілгенін мойындады.

Румыниядағы президент сайлауының бірінші кезеңі 4 мамырда өткен. Ол жолы Симион 40,5 пайыз дауыс жинап, алға шыққан. Ал Данды сол кезде сайлаушылардың 21 пайызы қолдаған еді.

Сайлау қарсаңында Румыния билігі ел президентін сайлауға Ресей килігіп жатқанын аңғартатын белгілер бар деп мәлімдеген. Румыния сыртқы істер министрлігінің өкілі Андрей Цэрнидің айтуынша, сайлаудың екінші кезеңінде Telegram мен басқа да әлеуметтік желілерде "жалған ақпарат тарату науқаны" жүргізілген.

Әуелде Румынияда президент сайлау 2024 жылдың қарашасының аяғында өтті, оның бірінші кезеңінде "Румындарды біріктіру альянсының" бұрынғы мүшесі Кэлин Джорджеску жеңіске жетті.2024 жылғы 6 желтоқсанда Румынияның Конституциялық соты қарашада өткен сайлаудың бірінші кезеңінің ресми қорытындысын жойды. Мұндай шешім сайлау науқанына Ресей араласқаны туралы мәліметтерге сүйеніп қабылданды. Мәскеу мен Кэлин Джорджеску ол айыптауларды жоққа шығарды.Қазір Кэлин Джорджескудің үстінен тергеу жүріп жатыр. Оған алты бап бойынша тағылған қылмыстық айыптар қатарында: конституциялық құрылымға қарсы әрекеттерге арандату, сайлау науқаны аясында жалған ақпарат тарату, фашистік, нәсілшіл немесе ксенофобиялық сипаттағы ұйым құру я сондай бастама көтеру сияқты айыптар бар. Ол Ресеймен байланысы бар дегенді шығарады. Мәскеу де Румынияның ішкі істеріне араласқан жоқпыз деп, тағылған айыпты мойындамай отыр.АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс 2025 жылдың ақпанында Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясында сөйлеген сөзінде, Румыния билігін қараша айындағы сайлаудың бірінші кезеңінің қорытындысын жойғаны үшін сынға алып, оны демократия стандарттарын бұзу әрекеті деп бағалаған. Дегенмен, ол Джорджескудің кандидатурасын тікелей қолдаған жоқ. Ал Еуроодақ, керісінше, Румыния Конституциялық сотының шешімін түсіністікпен қабылдады.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России