Біздің үйдегі дәстүр
Қазақ халқы үшін дәстүр – бұл тек ереже емес, ол халықтың жүрегінде сақталған киелі аманат. Әрбір қимыл, әрбір сөз, әрбір ырымның астарында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан терең мағына, даналық жатыр. Дастарқанды молынан жайып, төрге қонаққа орын берудің өзіңде қонақжайлығымыз бен жомарттылығымыздың айқын көрінісі.
Тіпті шақырылмаған, жол-жөнекей келе жатқан адамдарға сый-құрметін көрсетіп, құдайы қонақ деп құшақ жая қарсы алған. Оған төрінен орын беріп, ас-суын ұсынып, аттанарда құрмет көрсетіп шығарып салу – қазақи болмыстың ең жарқын белгісі.
Жаһандану заманында көптеген халықтың ұлттық ерекшеліктері жойылып, дәстүрлері ұмытылып бара жатыр. Алайда, дәстүрді дәріптеп, мәдениетімізді әлемге таңытқан жандар аз емес. Бұл тізіміде өзіме ерекше жақын, талантты,тыңдаушысының жүрегіне...
