Добавить новость
103news.com
World News
Август
2025

Израиль әскері Газа қаласына шабуылдай бастады

0

Израиль әскері Газа қаласына шабуылын бастады. Бұл жөнінде 20 тамызда Израиль әскерінің (ЦАХАЛ) өкілі генерал Эффи Дефрин хабарлады.

Оның сөзінше, ЦАХАЛ қазірдің өзінде қаланың шетін бақылауда ұстап отыр. Жақын арада операцияға қосымша күштер қосылады.

Ол Газадағы бейбіт халыққа көмек жалғасатынын, көмекті үлестіру бойынша қосымша орталықтар ашылатынын айтты. "Бұл халықтың ХАМАС-қа тәйелділігін азайтады" деді генерал.

The Jerusalem Post басылымының жазуынша, ХАМАС-тың (АҚШ пен ЕО террористік ұйым деп таныған) тұтқындағы 10 адамды босату және 60 күнге атысты тоқтату туралы ұсынысынан кейін Израиль әскері Газаға шабуыл бастаған.

Бұған дейін шабуыл жоспарын Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац бекіткен. Операция "Гедеон арбалары ІІ" деп аталады. Әскерге 60 мыңнан астам запастағы офицерлер шақырылған, қосымша тағы 20 мың адам шақырылатыны хабарланды.

Осыған дейін Израиль билігі Газаға "бақылау орнату" үшін дауыс берген. Тамызға қарай Газа секторында ЦАХАЛ бақылауда ұстап отырған аумақ 75 пайызға жетті.

Израиль Газа секторындағы әскери қимылдарды 2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС тобы жасаған шабуылдан кейін бастаған. ХАМАС шабуыл барысында шамамен 1200 адамды өлтіріп, 250-ден астам адамды кепіл ретінде алып кеткен.Палестина жағының деректеріне сәйкес, қарулы қақтығыстар мен әуе шабуылдары салдарынан Газа секторында 60 мың адам қаза тапқан. Израиль бұл мәліметке күмән келтіріп, қаза тапқандардың қаншасы ХАМАС мүшелері, қаншасы бейбіт тұрғын екені белгісіз екенін айтады.Қазір Газа секторында жихадшылардың қолында 50 тұтқын қалып отыр. Олардың 20-ға жуығы тірі болуы мүмкін.Израиль 2025 жылы наурызда Газаға келетін гуманитарлық көмек жолын жапқан. Мамырда ішінара қалпына келтірілді. Шілде соңында ЦАХАЛ БҰҰ мен халықаралық гуманитарлық ұйымдардың жұмысын жеңілдету үшін Газаның жекелеген аумақтарындағы шайқастарда үзіліс жариялаған.Халықаралық гуманитарлық ұйымдар Израильді секторға гуманитарлық көмекті әдейі жібермей, жасанды түрде аштық жасады деп айыптайды. Израиль мұны жоққа шығарып, көмекті ХАМАС иеленді деп айтқан. Ал бұл мәлімдемені БҰҰ, гуманитарлық ұйымдар шындыққа сәйкес емес деп атаған.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России