Добавить новость
103news.com
World News
Август
2025

Қытай полициясы ұстаған Тұрғанбай Әлімнұрдың отбасы биліктен көмек сұрады

0

Қытай полициясы ұстаған Тұрғанбай Әлімнұрдың отбасы бүгін, 29 тамызда Алматы әкімдігінің алдына келіп, Қазақстан билігінен жақындарын қайтаруға көмектесулерін сұрады.
Тұрғанбайдың қызы Риза Әлімнұр әкімдік алдында әкесінің суретін ұстап, “Тұрғанбай Әлімнұрға бостандық!” деп айқайлады. Оның жанында анасы Гүлдәрия Шеризатқызы тұрды. Ол қызын қолдап келгенін айтты.
“Қытайда қос елдің азаматы деген жалған айыппен қамалып отырғанына 38 күн болды. Осы уақыт бойы бізге ешқандай хабар түскен жоқ. Қос елдің азаматы деген жалған айыпты ғана айтып отыр. Біз оны мойындамаймыз. Біз Тұрғанбай Әлімнұрды отбасына қайтаруды сұраймыз. Жазықсыз қамалып жатыр. Ол Қазақстан Республикасының азаматы” деді Риза Әлімнұр.
Әкімдік пен полиция өкілдері бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзып отырсыздар деп ескерту айтты.
Видеода әкімдік өкілінің Риза Әлімнұрға ішке кіруді, плакаттарын түсіруді талап еткені көрінеді, ал Риза Әлімнұр "кім қабылдайды? әлгінде сендердің мәселелеріңмен айналысатын адам жоқ дедіңіздер. Біздер шағымдарымызға құлақ астыңыздар ма? Плакатымды әкем босатылып шыққанға дейін жинамаймын" дейді.

Адам құқығын қорғау бюросының дерегінше, Тұрғанбай Әлімнұрдың отбасы оның жағдайына биліктің назарын аударту үшін сегізінші рет шығып отыр. Бұған дейін Қытайдың Алматыдағы консулдығы және Қазақстан СІМ өкілдіктеріне де барғанда оларды полиция ұстап, айыппұл салған еді.
Бірнеше жыл бұрын Қытайдан көшіп келіп, Қазақстан Республикасының азаматтығын алған Тұрғанбай Әлімнұр шілде соңында жұмыс бабымен Қытайға барғанда ұсталған. Қытай билігі Қазақстанның сол елдегі консулдығына берген жауабында Әлімнұрда қос азаматтық бар екенін, Қытайда қос азаматтыққа тыйым салынғанын айтқан. Ал Әлімнұрдың отбасы оның Қытайда тіркеуі жойылғанын айтып, оны "жалған айыптармен" ұстап деп санайды.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России