Добавить новость
103news.com
World News
Октябрь
2025

Алматы облысында әскерге кеткеніне бір апта болған сарбаз қаза болды

0

Алматы облысы Қарасай шекара бөлімінде әскери борышын өтеген сарбаздың қазасы жөнінде туыстарына 5 қазан таңертең хабар берілген.
"Сүйегін әлі бермеді. Үш-төрт сағат болды күтіп отырғанымызға. Үш мекенжайды айтты. Үшеуінің бәріне барып шықтық. Соңғы мекенжайда күтіп отырмыз. Әлі берген жоқ" деді сарбаздың әпкесі Динара Мейрамбекқызы жексенбі күні күндіз Азаттыққа.
Туыстарының сөзінше, сарбаз әскерге 27 қыркүйекте шақырылып, Қарасай шекара бөлімінде әскери борышын өтеген. Бір аптадан кейін қаза болғаны белгілі болды.

Жақындарына оның "менингиттен" қайтыс болғаны айтылған. Алайда туыстары сарбаздың денсаулығы жақсы болғанын айтады.

"Ол ауырмаған. Соңғы рет кеше кешке ағасымен сөйлескен еді. Сол кезде "мына жақ болмайды" деп айта берді" дейді жақындары.
"Біз оны жібергіміз келмеген – жүрегімізде әлдеқандай алаң болды. Бірақ Нұрасыл мақтанышпен өз Отанына қызмет еткісі келетінін, азаматтық борышын өтегісі келетінін айтты. Ол әскерге бару – абырой және жауапкершілік екенін айтты" дейді марқұмның туыстары.
Марқұмның жақындары жан-жақты, әділ тергеуді талап етіп, оқиғаның жай-жапсары анықталып, тиісті шаралар қолданылуы керек екенін айтты.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі сарбаздың қазасына қатысты хабарлама жариялады.
"2025 жылғы 5 қазанда Алматы облысы бойынша департаменттің медициналық қамтамасыз ету бөлімшесінде ҰҚК шекара қызметінің қатардағы жауынгері қайтыс болды. Медициналық қызметкерлердің алдын ала қорытындысына сәйкес, өлімнің себебі — менингококцемия. Аталған факті бойынша Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Қызметтік тексеріс басталды. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады" деп жазылған хабарламада.
Кейінгі кезде Қазақстанда қатардағы жауынгерлер мен курсанттар арасында өлім-жітім мен суицид жиілеп барады. Бұған дейін қорғаныс министрлігі кейінгі үш жылда Қазақстанда 270 әскери қызметкер қаза болды деп мәлімдеген.
Қыркүйектің соңында Жетісу облысында десанттық шабуыл бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген сарбаз оқу-жаттығу кезінде қаза болған. Оның алдында бірнеше күн бұрын Алматы облысы Мәтібұлақтағы әскери бөлімде бір сарбаз қаза болған.
Әскерде қайтыс болған сарбаздар мен қызметкерлердің туыстары әлімжеттікке көп сілтейді, бірақ ресми органдар оны жоққа шығарып, бұл оқиғалардың көбі әлеуметтік мәселеден болып жатыр деген.
Қазақстан ер азаматтарды әскери борышын өтеуге міндеттейтін елдер қатарында. Сондай-ақ елде келісімшарт негізінде қызмет ету тетігі қарастырылған. Әскердегі қайғылы оқиғалар көбейген тұста толықтай келісімшарт үлгісін көшуге үндегендер болған. Бірақ қорғаныс министрлігі толықтай келісімшартқа өту бюджетке үлкен салмақ түсіретінін айтқан.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России