Добавить новость
103news.com
World News
Октябрь
2025

Израиль Грета Тунберг пен 170 белсендіні депортациялады

0

Израиль билігі Газадағы теңіз блокадасын бұзып, жағалауға жетпек болған 171 белсендіні елден депортациялады. Белсенділер бастаған "Еркіндік флотилиясы" (Global Sumud) кемелерінде гуманитарлық көмек болғаны айтылады.

Белсенділердің басым бөлігі ұшақпен Грекияға, тағы бірқатары Словакияға жеткізілген. Словакия билігі өз азаматы Петер Швесткидің босатылғанын қатты талап еткен.

Депортацияланғандар арасында швед белсендісі Грета Тунберг те бар. Оны Израильден осымен екінші депортациялап отыр. Алғашқысы маусым айында болған. Ол кезде Израиль әскері флотилияның Газаға жетудегі алғашқы талпынысын тоқтатқан.

Израиль кетірген белсенділер арасында АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Франция және Германия елдерінің азаматтары бар. Израиль сыртқы істер министрлігі оларды арандатушы деп атап, ұсталған 40 кемеде бар-жоғы 2 тонна гуманитарлық көмек болғанын айтқан.

"Израиль, Италия, Греки және Иерусалим патриархиясы флотилияға Газаға көмек жеткізудің бейбіт жолын ұсынған. Флотилия одан бас тартты, өйткені оларға керегі көмек беру емес, арандату" деді Израиль билігі.

Белсенділердің өзі Израильді айыптап, ұстау кезінде қатыгездік танытты, ұсталғандардың құқығын бұзды, ас-су бермеді, көзін таңып, қорлады, кейбірін ұрып-соқты деді. Израиль билігі бұл мәлімдемені жалған деп отыр.

Флотилиядағы кемелерден барлығы 479 адам ұсталып, оның 341-і депортацияланды.

Белсенділер Израильден Газадағы әскери операцияны тоқтатуды, ол жерге гуманитарлық көмектің еркін жеткізілуін талап етеді.

Дүйсенбі күні Египеттегі Шарм-аш-Шейх қаласында Израиль мен АҚШ пен Еуроодақ террор ұйымы деп таныған ХАМАС тобы арасында тікелей емес келіссөз басталды. Келіссөзде 2 жыл бұрын кепілге алынған Израиль азаматтарын босату және АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған бейбітшілік жоспарын талқылау қарастырылған.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России