Добавить новость
103news.com
World News
Октябрь
2025

Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында тағы қақтығыс болды

0

Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында "Талибан" радикалды тобы мен пәкістандық сарбаздар арасында қарулы қақтығыс болды. Бұл жөнінде 11 қазанда кешке Ауғанстанның бірнеше провинциясындағы жоғары лауазымды шенеуніктерге сүйенген AFP агенттігі хабарлады. Екі күн бұрын тәліптер Исламабадты ауған террориясына әуеден соққы жасады деп айыптаған.

Пәкістандық дереккөздердің айтуынша, 11 қазанда кешке ауған әскері Пәкістан-Ауғанстан шекарасында бірнеше орынды атқылаған. BBC-дің жазуынша, атыс болған аумақтар арасында Ангур-Ада, Баджаур, Куррам, Дир, Читрал және Бахрамча да бар.

"Талибан" үкіметі бірнеше таулы ауданда Пәкістан әскеріне соққы жасағанын растады. Қаза болғандар саны белгісіз. "Талибан" мұны "қарымта операция" деп атады. Ауғанстан жағының айтуынша, бірнеше күн бұрын Пәкістан "ауған әуе кеңістігін бұзып, бейсенбі күні Кабулдағы базарға екі соққы жасаған".

Пәкістанның ішкі істер министрі Мохсин Накви ауғандарды бейбіт халыққа оқ атты деп айыптады. Ақпарат құралдарының жазуынша, Пәкістан жағы ауыр артиллерия, танк, дрондармен "жауап берген" деп айтылады. Әуеге жойғыш ұшақтар да көтерілген.

Пәкістан Ауғанстанды елге шабуылдаған лаңкестерді қорғап отыр деп айыптайды. "Талибан" мұны жоққа шығарады.

Иран мен Сауд Арабиясы тараптарды сабырлылыққа, жағдайдың ушығуына жол бермеуге шақырды. Катар да Пәкістан-Ауғанстан шекарасындағы жағдайдың ушығуына алаңдап, екі жақты "диалогқа, дипломатияға басымдық беруге" үндеді.

Ауғанстанның сыртқы істер министрі Әмір Хан Муттакидің Үндістанға сапары аясында тараптар арасындағы жағдай ушыққан.

Ауғанстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынас жақсарған шақта Делиде Кабулда Үндістанның елшілігін қайта ашу жоспары айтылған. Ол төрт жыл бұрын "Талибан" билікке оралған шақта жабылып қалған еді.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России