Добавить новость
103news.com
World News
Октябрь
2025

Алматыда ЛГБТ белсендісін әскери комиссариатқа күштеп алып кетті

0

20 қазан күні кешке Алматыда ЛГБТ белсендісі, журналист әрі құқық қорғаушы Азият Агишевті күштеп әскери комиссариатқа алып кетті. Мұны белсендінің анасы хабарлады. Қорғаныс министрлігі болған жайтты растады, бірақ Агишевтің ата-анасы айтқан уәжге келіспейді. Жақтастары бұл жағдайды журналистің саяси белсендігімен байланыстырады.

– Кеше баламды кафеден ұстап алып кеткен. Ол негізі Ақтөбеде тіркелген, сол жерге шақырту келген жоқ. Алматыда жүрген жерінен жұлқып‑жұлқып, көйлегін жыртып, осы жерге әкелген, – деді Азаттыққа белсендінің анасы Алмагүл Агишева әскери комиссариат алдында тұрғанын айтып. – Сосын құқығын қорғаймын деп тағы да таяқ жеген сияқты. Осы жердегі адамдардан қорқамын дейді.

Анасының сөзінше, әскерге Азияттың денсаулығы жарамайды. Бірақ әскери комиссариат денсаулық туралы құжатты қабылдамаған. Сондай-ақ Агишевтің колледжде күндізгі бөлімде оқитыны ескерілмеген дейді анасы.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Руслан Жангулин Агишевті әскери комиссариатта ұстап отырғанын растады. Министрлік өкілі осы жөнінде Алматыдағы әскери комиссариаттан хабар алып отырғанын, ондағылар Агишевтің ата-анасы келіп, ұлының әскерге барғанын құптайтынын айтты деген. Алмагүл Агишева мұны жоққа шығарып отыр.

– Маған "ешқандай талап-арызым жоқ" деген құжатқа қол қой деді. Мен ертең келем деп сылтауратып қол қоймай кеттім, – деді анасы.

Азаттық анасының сөзін келтірген соң, Руслан Жангулин министрліктің ұстанымын тарқатты.

– Бізде 1 қыркүйектен бері әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр. Оған көктемгі науқан кезінде бірнеше рет шақырту жіберілген. Содан бері ол әскерден жалтарушылар тізімінде тұр. Соның аясында біздікілер түрлі рейд шараларын жүргізеді. Сөйтіп оны әскери комиссариатқа жеткізді. Егер медициналық жағдайы бойынша жарамды деп танылса, әскерге баруға міндетті. Ал егер медициналық қорытынды бойынша жарамсыз деп танылса, онда оны босатады, – деді қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы.

Алмагүл Агишева көктемдегі шақырту жарамсыз екенін, ол кезде ұлы магистратурада оқып жатқанын айтып отыр. Оның сөзінше, әскери комиссариат бұған күмән келтіріп, Агишев бакалавриатта, одан кейін магистратурада оқыған, колледжде оқығаны әскерден босатуға себеп емес, оның үстіне колледжде сырттай оқиды деген.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы әскери комиссариаттың оқуда жүрген адамға шақырту жіберуі екіталай дейді.

– Бізде ғылым және жоғары білім министрлігімен ортақ электронды-цифрлық база бар. Әскери комиссариат өкілдері сол жерден статусын көреді, студент болса, шақырмайды, – деді ол.

Алмагүл Агишева ұлының күндізгі бөлімде оқитынын колледж басшылығы растап отырғанын мәлімдеді.

Қазақстанда кейінгі жылдары әскерге шақыру науқаны кезінде көшеден ұстап әкету фактілері жиі хабарланып жүр.

Азият Агишевті ұстап отырған әскери комиссариатқа оның жақтастары мен әріптестері де келген. Аты-жөнін көрсетпеуді сұраған бір әріптесі Азияттың ЛГБТ құқығын қорғайтын Education community ұйымының белсенді мүшесі екенін айтты. Ол осыған дейін Қазақстандағы ЛГБТ қауымының құқығын қорғаумен көзге түскен. Өзі де белсенді екенін айтқан әйел бұл істі Агишевтің саяси белсенділігімен байланыстырады.

"Ол өткен күндері министрліктер алдында сөз сөйлеген. Құқық қорғаушы белсенді ретінде ол жоспарланған ЛГБТ заңы туралы сұрақ қойып, сонда жүріп азаматтық форумға қатысқан. Өзі балама зерттеу жүргізіп келеді. Мінеки Алматыға келген бойда ұстап отыр. Біз мұны осы белсенділігімен байланыстырамыз" дейді әріптесі.

Былтыр елде ЛГБТ насихатына қарсы петиция жарияланып, үкімет оны ішінара қолдады да, ЛГБТ-ның жасөспірімдер мен балаларға әсерін зерттейтінін мәлімдеді.

Көктемде денсаулық сақтау министрлігі жүргізген қорытындысы шығып, ЛГБТ насихаты жастарға әсер етпейді деген. Бірақ зерттеу көп ұзамай өшірілген.

Orda.kz басылымының жазуынша, биыл шілдеде National Endowment for Prosperity қоры өз зерттеуін жариялап, респонденттердің жартысынан астамы "ЛГБТ насихатының теріс әсері барын" айтты деген. Education Community зерттеудің толық мәтінін жариялауды талап еткен.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России