Добавить новость
103news.com
World News
Октябрь
2025

БҚО-да дрон жарылды. Министрлік әуе кеңістігін бақылауды күшейтетінін айтты

0

Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданындағы елді мекендердің бірінің маңында дрон жарылды. Аумақтан дрон бөлшектеріне ұқсас заттар табылған. Бұл жөнінде куәгерлердің видео және суреттеріне сүйенген Orda сайты және "Уральская неделя" басылымдары жазды. Жергілікті полиция растаған.
“Бөрілі ауданында табылған дрон бөлшектеріне ұқсас заттарға қатысты тексеру жүргізіп жатырмыз. Заттар елді мекеннен тыс аумаққа құлаған” деді полиция өкілдері сайтқа.
Екі сайт жариялаған видеода видеоны түсіріп тұрған адам “Қызылталға дрон түсіп, жарылыс болып, волнасымен үйлерді шайқап кішкене...” деп айтады.
“Уральская неделя” жазуынша, дрон жарылған жерде шұңқыр пайда болған.

Басылым бүгін облысқа жақын Орынбор облысында дрон шабуылына байланысты әуе дабылы іске қосылғанын еске салады.
Қазақстан қорғаныс министрлігі Батыс Қазақстанда дрон жарылғанын растады.
“Оның қалдықтары елді мекендерден алшақ аймақта табылды. Зардап шеккендер мен материалдық шығын тіркелген жоқ” деп жазылған ведомство хабарламасында.

Министрліктің айтуынша, қазір оқиғаның мән-жайы және нысанның қайдан келгенін анықтауға бағытталған тексеріс шаралары жүріп жатыр. Ведомство әуе кеңістігін бақылауды күшейтетінін айтты.
“Қорғаныс министрлігі әуе кеңістігін бақылауды күшейту және әуе нысандарының мемлекеттік шекараны рұқсатсыз кесіп өтуін болдырмау мақсатында қосымша шаралар қабылдады. Сондай-ақ бұл аппараттар тиесілі болуы мүмкін шетелдік серіктестермен консультациялар жүргізілуде” деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Биыл жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысында бірнеше рет дрон бөлшектері табылған еді. Маусымда Маңғыстау облысынан да ұшқышсыз аппарат қалдықтары табылды.
Маусым айының басында қорғаныс министрлігі БҚО-ға құлаған дрондар Ресейге тиесілі екенін, оларды жалға алынған полигонда сынақ кезінде ұшырғанын мәлімдеген.
Қазақстанның Ресеймен шекаралас аудандарында бұрын әскери зымыран қалдықтары бірнеше рет табылған. Ресейдің Астрахан облысында Капустин Яр әскери полигоны орналасқан. 2018 жылы жазда Батыс Қазақстан өңіріне құлаған зат сол полигоннан ұшырылған зымыранның бөлшегі екені анықталған еді.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России