Добавить новость
103news.com
World News
Октябрь
2025

Трамп Орталық Азия басшыларын Вашингтонға саммитке шақырды

0

6 қараша АҚШ астанасы Вашингтонда Орталық Азия – АҚШ форматындағы саммиті өтеді. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Саммитке шақырғаны үшін АҚШ президенті Дональд Трампқа алғыс айтқан Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "бұл бастама дер кезінде көтеріліп отыр" деп қайыра хат жолдаған.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың ішкі және сыртқы саясаттағы негізгі мақсаттарын, атап айтқанда, ақыл-парасатқа негізделген дәстүрлі құндылықтарға беріктігін, сондай-ақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғауға ұмтылысын қолдайды" делінген Ақорда хабарында.

Мұндай шақыру Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстанның басшыларына да келген.

"С5+1" форматы деп те аталатын мұндай алғашқы саммит 2023 жылы Нью-Йоркте Біріккен ұлттар ұйымы Бас ассамблеясының жиыны кезінде өткен. Оны АҚШ-тың сол кездегі президенті Джо Байден ұйымдастырған.

АҚШ үкіметі аймақтағы бес елмен жан-жақты ынтымақтастықты нығайту үшін C5+1 платформасын 2015 жылы құрған.

Саммит қарсаңында АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азиядағы арнайы өкілі Серхио Гор мен мемлекеттік хатшының орынбасары Кристофер Ландау Орталық Азияға келді.

АҚШ өкілдері Ташкентте Өзбекстан сыртқы істер министрі Бахтиер Саидовпен және елде жұмыс істеп жатқан америкалық компаниялар өкілдерімен кездескен. Гор мен Ландау Қазақстанға да келеді деген жоспар бар.

Бұдан бұрын АҚШ мемлекеттік департаменті: "АҚШ Орталық Азиядағы әріптестерімізбен байланысты нығайту және сауд қатынасын кеңейту үшін жұмыс істеуді жалғастыра береді. Біз ынтымақтастығымызды кеңейтуді және АҚШ-Орталық Азия қатынастарының 10 жылдығын C5+1 дипломатиялық платформасы аясында атап өтуді асыға күтеміз" деп жазылған ресми хабарламада.

Жақында АҚШ конгресі мүшелері президент Дональд Трампты биыл Орталық Азия елдерінің басшыларымен саммит өткізуге шақырған. Конгресс өкілдері "бұл бастама АҚШ-тың аймақтағы стратегиялық мақсаттарын — қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты, экономикалық байланыстарды, "жұмсақ күшті" және тиімді басқаруды ілгерілетуге бағытталуы керек" деген.

Хат авторлары – конгрестегі өкілдер палатасының мүшелері Сидней Кай Камлагер-Дав (ханым) мен Уильям Патрик Хейзенга (мырза) Дональд Трамптан саммитте "Бейбітшілік корпусы" бағдарламасы аясында қосымша еріктілер тартуды, білім және мәдени алмасу бағдарламаларын арттыруды және АҚШ қаржыландыратын журналистер тап болған аккредитация мәселесін қозғауды сұраған.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России